Қызмет сапары барысында бірнеше компаниялармен қоқысты қайта өңдеу саласында ынтымақтастық жасау бойынша келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ, қоқытарды жағу арқылы «жасыл» энергия алатын кәсіпорындардың қызметімен де жақын танысты. Сонымен қатар, Кореяның экспорт-импорт банкінің өкілдерімен де келіссөздер жүргізілді.
Сонымен қатар, И. Қутбиддинов, Кореяның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жанындағы Корея қоршаған орта корпорациясының (K-eco) төрағасы Б. Анмен кездесті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастық байланыстарды нығайту және экологиялық қауіпсіздік бойынша тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді. Соңында Жызақ облысында тұрақты қоқытарды қайта өңдейтін зауытын салу үшін жалпы құны 6,2 миллион долларды құрайтын 4 жылдық гранттық жоба келісіміне қол қойылды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат ретінде айта кетейік, жоба аясында полигонды рекультивациялау, 300 000 текше метр қоқысты бір жерге жинау, топырақпен жабу және қоқысханада гады жинау мен пиролиз әдісі арқылы жағу, электр энергиясын өндіру жабдықтарын (электрогенератор) орнату белгіленген.