Әлем чемпионатындағы алтын дубль: Біздің семсершілер командалық бәсекеде теңдесі жоқ

    Спорт 22 Noyabr 2021 348

    Ташкентте семсерлесуден жастар арасындағы әлем кубогы аяқталды.

    Қылыш бойынша өткен қыздар арасындағы сайыста біздің спортшылар теңдессіз болды.

    Алдымен Мысыр құрамасын 45:21 есебімен жеңген қыздарымыз жартылай финалда болгариялық қарсыластарын 45:36 есебімен ұтты. Финалда күткендей Өзбекстан мен Ресей жастары кездесті. Қызу да ымырасыз бәсекеде қыздарымыз 45:36 есебімен жеңіске жетіп, алтын алқа жеңіп алды.

    Еске салсақ, кешегі жекелей сайыста Зайнаб Дайибекова барлық қарсыластарын жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген болатын. Бүгін командалық бағдарламада еліміздің намысын Зайнаб Дайибекова, Гүлистан Пердибаева, Самира Шокирова және Венера Исроиловалар қорғады.

    «Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті Өзбекстанның семсерлесу федерациясы мен спортшыларды осындай ғажайып нәтижемен құттықтайды», - деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.