Бүгін ұйымдастырылған командалық бағдарламада да қыздарымыз өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетіп, барлық қарсыластарын жеңіп, алтыннан алқа тағынды. Жерлестеріміз жартылай финалда Оңтүстік Кореяны 45:26, финалда Қазақстанды 45:37 есебімен ұтты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Біздің командада Фернанда Эррера, Гүлистан Пердибаева, Наргиза Жақсыбаева және Самира Шокирова қатысты. Еске сала кетейік, жеке бағдарламада жерлесіміз Фернанда Эррера жеңіске жеткен еді.