Біздің екі команда да жартылай финалға өткені атап өтілді. Финал қарсаңында қыздарымыз АҚШ құрамасынан, ал ұлдарымыз Италиядан ұтылды. Қола медальдар үшін өткен бәсекеде Венгрия мен Түркия өкілдері жеңілді.
Осылайша, жас семсерлесушілеріміз әлем біріншілігінде алғаш рет командалық бағдарламада медальға қол жеткізді.