Сұхбат барысында «Узбекнефтгаз» АҚ Басқару төрағасының бірінші орынбасары компанияның жалпы қызметі, сондай-ақ акцияларды кезектегі бұқаралық орналастыру (IPO) бойынша жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.
«Узбекнефтгаз» АҚ тарапынан көмірсутегі қорларын халықаралық стандарттар негізінде тәуелсіз есеп-қисаптарын жүйелі түрде жүргізеді және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес аудит жүргізіледі. Сондай-ақ “DeGolyer & MacNaughton”, “Ernst & Young”, “KPMG”,” PwC” және әлемнің басқа да беделді кеңесшілері саналатын кеңесшілермен қызмет нәтижелілігіне қол жеткізіледі.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде және «Узбекнетгаз» АҚ-ның несие қабілеттілігі туралы ақпарат негізінде ұзақ мерзімді несие рейтингі ( ВВ-/Тұрақтылық) берілді, осы рейтинг Өзбекстан Республикасының егеменді рейтингіне сай келеді.
Осы ретте «Узбекнефтгаз» АҚ өкілдері акциянерлік тарихында алғаш рет Лондон қор биржасы RegS/144A форматында 7 жылдық мерзімді 700 миллион доллар көлеміндегі еурооблигацияларды сәтті орналастырғанын хабарлады.
Сондай-ақ «Узбекнефтегаз» АҚ Лондон қор биржасымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екені айтылды.
Лондон қор биржасының делегациясы «Узбекнефтегаз» АҚ акцияларын бұқаралық орналастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, қор биржа өкілдері компанияның тұрақты дамуы, оның ішінде ESG стандарттарын енгізуді есепке ала отырып, әлемдік базарда өнеркәсіптік компаниялар арасында тартымдылығын арттыруды ұсынды, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.
Еске саламыз, Лондон қор биржасына 1801 жылы негізі қаланған және бүгінде Еуропадағы ең беделді қор биржасы саналады. Өз кезегінде қаржы нарығы инфрақұрылымы мен кірісі бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады.
Биржа әлем акциялар саудаларының 30 пайызын жүзеге асырады, 6,8 триллион фунт стерлингтен астам активтерді басқарады. Жаһандық валюталық операциялардың 37%-дан астамын жүзеге асырады.