Құны 2,4 миллиард долларға бағаланған активтер
бойынша өткен бұл IPO Өзбекстан экономикасы үшін тарихи оқиға ретінде
бағалануда.
Айтылуынша, бұл 2021 жылдан бері Лондон қор
биржасында жүзеге асқан ең ірі IPO-лардың бірі болды. Өзбек акцияларына
халықаралық инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылық танытылды.
Атап айтқанда, BlackRock және Franklin Resources
секілді ірі қаржы институттары өзбек акцияларына инвестиция салды.
Сарапшылардың пікірінше, бұл Өзбекстан экономикасының тұрақтылығы мен өсу
әлеуетіне деген сенімнің белгісі.
Хабарланғандай, акциялардың бастапқы IPO бағасы 25
доллар болып белгіленген. Кейінгі күндері акция бағасы өсе бастаған:
Осылайша, акция сатып алған инвесторлар қысқа уақыт
ішінде шамамен 9 пайыз пайда көрген.
Халықаралық инвесторлар мен қаржы институттарының
өкілдері бұл келісімді Өзбекстан үшін тарихи қадам ретінде бағалауда. Олардың
айтуынша, елде кейінгі жылдары жүзеге асырылған экономикалық реформалар,
нарықтық экономикаға көшу үдерістері және жаңғырту бағдарламалары халықаралық
капитал базарының назарын аударған.
Сондай-ақ бұл Өзбекстан тарихында жаһандық капитал
базарынан жарты миллиард доллардан астам қаражат тартылған алғашқы акционерлік
келісім екені айтылды.
Анықтама үшін, Тошкент Республика қор биржасы ресми
сауда-саттығы 18 мамыр күні басталады деп күтілуде. Осы күннен бастап London
Stock Exchange алаңында да шартсыз саудаға старт беріледі. Енді азаматтар
экономиканың ірі кәсіпорындарының акцияларына инвестиция салу арқылы табыс табу
мүмкіндігіне ие болады.
Ресми рәсімге Өзбекстан Республикасы Президенті
Администрациясының басшысы Саида Мирзияева, Өзбекстан Республикасы
Президентінің экономикалық саясат бойынша кеңесшісі Обид Ҳакимов және басқа да
жауапты тұлғалардың қатысуы күтілуде.
Іс-шара қорытындылары бойынша қосымша ақпарат
беріледі.