баннер
26 Apr 2025
10:44

    Тек биржа арқылы сатылатын тауарлардың тізімі кеңейтілді

    Тізімге хлорид және нитрат қышқылдары; натрий цианид; натрий гипохлориті; сұйық азот, сұйық хлор; мырыш белиласы; ферромолибден, базальт, фосфорит және доломит оның өнімдері кірітілді.

    Министрлер Кабинетінің 11.04.2025 жылғы «Заманауи биржалық механизмдерді енгізу арқылы биржалық сауда-саттықта бағаның өзгеруіне жол бермеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» МКҚ-220-санды қаулысы қабылданды.

    2025 жылғы 15 июльден бастап монополиялық кәсіпорындар мен (немесе) жарғы қорында (капиталында) мемлекет үлесі 50 пайыз және одан да көп заңды тұлға, жарғылық қорының (капиталының) 50 пайызы және одан да көп жарғылық қорында (капиталында) мемлекеттік үлесі 50 пайыз және одан да көп заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар тарапынан өндірілген:

    хлорид және және нитрат қышқылдары;

    натрий цианиді;

    натрий гипохлориті;

    сұйық азот, сұйық хлор;

    мырыш белиласы;

    ферромолибден, базальт, фосфорит және доломит ұнтағы өнімдерін барлық сатып алушыларға ішкі базарда тек биржа саудалары арқылы базар қағидалары негізінде сатылады.

    Құжатпен Өзбекстан Республикасының тауар-шикізат биржасында екіжақты қарама-қарсы аукцион арқылы биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі туралы ереже бекітілді.

    Ақпарат ретінде: екі жақты бәсекелестік аукцион саудаларында жүзеге асырылатын және бір мезгілдің өзінде тауар сату бойынша өз ұсынысын енгізу сатушылар және сатып алушылар үшін өз ұсыныстарын ұсынатын сатып алушылар қатысатын аукцион.

    Тауарды екіжақты баламалы акцион режімінде саудаға қосуға рұқсат беруіне биржаның Листинг комиссиясы тарапынан оларды биржа котировкалау парағына енгізу жолымен рұқсат беріледі.

    Биржа котировкалау парағы кірітілетін тауарлар төмендегі талаптарға жауап беруі қажет:

    биржалық сауда үшін көтерме партияларда қойылуы;

    жоғары ликвидті, тұрақты сапа көрсеткіштерге ие болуы;

    тауар саудаға тұрақты түрде (өтініштердің үздіксіздігі) қойылуы және сатылуы;

    тауарларды сатуға шығарған кезде оларды алдын ала тексеру талап етілмейді;

    міндетті түрде сәйкестігі бағалануы қажет болған өнімдердің сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы.

    Құжат Заң құжаттарының ұлттық базасында жарияланған және 11.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

    Мы в Телеграм
    Text to speech