Шавкат Мирзияев Шыршық қаласындағы мәдениет сарайында болды

    Билік 16 Oktabr 2021 5731

    Мемлекет басшысы Ташкент облысына жасаған сапары барысында, Шыршық қаласындағы мәдениет сарайында болды.

    Бұл мекеме қаланың көрікті жерлерінің бірі болып, ол 1958 жылы пайдалануға берілген. Осы жылдар ішінде бұл жерден көптеген талантты суретшілер түлеп ұшқан.

    Биыл мәдениет сарайы жөндеуден өтті. Ғимарат пен субұрқақтың алдыңғы қалпына өзгертпей қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Заманауи салқындату және жылыту жүйесі, дыбысты күшейтетін құрылғылар орнатылған. Үйірме бөлмелері қажетті жиһазбен және құрал -жабдықтармен қамтамасыз етілген. Осылайша бұл жер тағы да адамдардың, әсіресе жастардың сүйікті орнына айналды. Бүгінде «Бес бастама» аясында үйірмелерде 300 -ден астам ұл мен қыз білім алуда.

    Президент мәдениет сарайында жасалған жағдаймен танысып, оқу процесін көзден кешірді.

    Қазірде мәдениет сарайында 700 орындық концерт залы бар болып, балалар осында ән айтты.

    Мемлекет басшысы оларға оқуда сәттілік тілеп, ұстаздарына алғысын білдірді. Шенеуніктерге мәдениет сарайының қызметін кеңейтуді, клубтар мен шығармашылық қауымдастықтарға үнемі қолдау көрсетуді тапсырды.

    Осымен Президент Шавкат Мирзияевтің Ташкент облысына сапары аяқталып, Мемлекет басшысы Ташкент қаласына қайтып оралды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates