Президенттің 2023 жылғы 25 январындағы «Республиканың атқарушы билік органдарының қызметін тиімді жолға қоюға қатысты бірінші кезектегі ұйымдастырушылық іс-шаралар туралы»  ПФ-14-санды Жарлығына сәйкес: төмендегілер ұйымдастырылады:

Мәдениет және туризм министрлігінің негізінде Мәдениет министрлігі;

Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі құзырында Туризм комитеті.

Мәдениет министрлігі қызметінің үстем бағыттары:

мәдениет және өнер саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру, оған қатысатын мемлекеттiк органдардың осы бағыттағы қызметiн үйлестiру және аталмыш салалардағы заңдылыққа мойынсұнып бақылауды жүзеге асыру;

мәдениет пен өнерді, сонымен қатар театрды, киноны, музыканы, хореографияны, эстраданы, циркті және халық шығармашылығын одан әрі дамыту;

мәдениет пен өнер сондай-ақ кинематографияны тиімді пайдалана отырып, шығармашылық бәсекені дамыту;

материалдық емес мәдени мұраны зерделеу және сақтау;

мәдениет саласында инфрақұрылымды жаңғырту, халықаралық рейтингтерде еліміздің беделін арттыру және т.б.

Жарлықпен төмендегілер бекітілді:

Мәдениет министрлігі жүйесіндегі мекемелерді қайта ұйымдастыру және  қайта атауларын өзгерту бағдарламасы;

Мәдениет министрлігі жүйесінде жаңадан құрылған мекемелердің тізімі;

Министрліктің ұйымдық құрылымы;

Кинематография агенттігінің ұйымдық құрылымы;

Мәдениет пен өнер саласындағы реформаларды тереңдету және жүйелік қызметті түрлендіру бойынша «жол картасы».

Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің Ұлттық  базасында жарияланған және 2023 жылғы 27 июльінде күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".