Магниттік бораннан кімдер көбірек қорғануы қажет?

    Денсаулық 19 Iyul 2022 4461

    Осы күндері елімізде аномальды ыстық ауа райы байқалуда. Сонымен қатар, күнде күшті жарқылдау мен магниттік борандар болуы күтілуде.

    Атап айтқанда, АҚШ-тың Ұлттық Аэронавтика және Ғарыш әкімшілігі (NASA) ұсынған мәліметтерге сәйкес, жарқылдаудың нәтижесінде Жер планетасына өте көптеген мөлшердегі күн бөлшектері түсіп, олар магнитосферамен қақтығысқан кезде, G2 немесе G3 сыныбындағы геомагниттік борандарды тудырады.

    Күн бөлшектері біздің планетамызға бүгін – 19 июльде жетіп келуі, геомагниттік оқиға 20 және 21 июльге дейін жалғасады деп болжалдануда.

    Ал мұндай жағдайда дәрігерлер қандай ұсыныстар береді?

    Осы мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бас невропатологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Яқутхон Маджидова өз ойымен бөлісіп былай дейді:

    Магниттік бораннан әсіресе, артериалды гипертониямен ауыратын науқастар көбірек зардап шегеді, – дейді маман. — Яғни, қан қысымының көтерілуі немесе төмендеуі олардың денсаулығына үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

    Бұл жағдай ағзадағы сыртқы күйзеліске төзімділікті қамтамасыз ететін мелатонин затының бөлініп шығуының төмендеуімен түсіндіріледі.

    Сонымен қатар, магниттік боран бронхиалды демікпеге шалдыққан адамдардың денсаулығына да кері әсер етеніні байқалды.

    Сондықтан мұндай жағдайда, мейіз және кептірілген өрік сияқты калийге бай өнімдерді, құрамында С дәрумен көп болған жемістерді жеу қажет. Бұл аномальды ыстық температура үшін де дұрыс ұсыныс.

    Магниттік боранды күндері ішімдік ішуден толық бас тартып, майлы, ащы, тұзды тағамдарды жемеу ұсынылады. Өйткені тұз қан қысымын көтереді.

    Сондай-ақ тыныштандыратын қасиеті бар шайларды ішкен жөн. Екінші жағынан, сарапшылар уақытша шамадан тыс күйзеліспен байланысты жұмыспен және әрекеттермен айналыспауға кеңес береді.

    Созылмалы дертке шалдыққандар өздерімен бірге дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді алып, қан қысымын жиі қадағалап отыруы қажет.

    Күніне бірнеше рет душ қабылдау да өте пайдалы.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates