Заңға енгізілген қосымшаларға сәйкес, «Махалла сервис» компаниялары тарапынан махаллаларды абаттандыруға байланысты істерді орындау және халыққа заңдылықтағы белгіленген кейбір әлеуметтік ақылы қызметтерді түскен қаржылар салық салуда есепке алынбайтын табыстарға енгізілді.

Сондай-ақ, аталмыш қызметтерді көрсетуге арналған нысандар орналасқан жер телімдері жер салығын салу нысаны есептелмеуі белгіленген.

Төмендегі табыс түрлеріне салық салудан босатылады:

Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың, сондай-ақ олардың әйелдерінің (күйеулерінің) табыстары;

 “Маҳалла сервис” компаниялары қызметкерлердің қызметі нәтижесінде алынған, олардың салық салынуы қажет болған жалақы түріндегі табыстары.

Сонымен қатар, Жызақ облысының Шароф Рашидов және Ташкент облысының Ахангаран аудандарында құрылған былғары-аяқ киім өнеркәсіптік аймақтарын басқару дирекциялары  мал-мүлік, жер салығы және су ресурстарынан пайдаланғаны үшін салықты төлеуден 2025 жылдың 1 январынан бастап 2026 жылдың 1 январына дейін босатылғаны көрсетілген.

Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.