Жергілікті өндірушілерге Тәжікстан базарына жаңа дарбазалар ашылуда

    Душанбе қаласында Өзбекстанның 15 өнеркәсіп және өнімдерді ұсынып жатқан «Made in Uzbekistan» Ұлттық көрмелер залы ашылды.

    Елімізде экспорт әлеуетін алға тартуға қаратылған осы бастама Өзбекстан Республикасы Инвестициялар мен сыртқы сауда министрлігі құзырындағы Экспортты ынталандыру агенттігі жүзеге асырды, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Тұрақты жұмыс жасап келе жатқан шоурум алаңы 600 квадрат метр. Онда көрсетілетін өнімдердің түрлері ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары, тоқымашылық және дайын киім-кешек, былғары аксессуарлары мен түрлі аяқкиім өнімдері, жібек мата және бұйымдары, электроникалық және тұрмыстық техника, мебель, сантехникалық және зергерлік бұйымдарының үлгілері қамтылды.

    Көрме алаңында саналған шоурум бір уақыттың өзінде келіссөздер өткізу және өндірушілер мен клиенттер арасында тікелей байланыстарды орнату үшін платформа міндетін орындады. Осы жердің өзінде жергілікті шикізат базасы мен базар қажеттіліктерін есепке алып өндіріс кооперациясын дамыту және біріккен кәсіпорындарды ұйымдастыру болашағы да талқыланды. Шоурум қызметінің алғашқы күнінде-ақ қонақтар, сонымен қатар сатып алушылар мен болашақ бизнес серіктестердің оған болған үлкен қызығушылық байқалды.

    Кейбір құрылыс материалдары мен былғары өнімдерін өндіру Тәжіктанға өнім жеткізіп беру және бұл жөнінде жақын болашақта экспорт келімшарттарын бекіту бойынша алғашқы келісімдерге қол жеткізілді.

    Шоурум Өзбектан және Тәжікстан арасындағы сауда байланыстарды дамыту және Тәжікстан іскерлерінің ортасын еліміз өнеркәсіп әлеуетімен таныстырудың нәтижелі құралына айналуы күтілуде.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates