Қаулыға сәйкес, цифрлық маркировкаланған өнімдердің қозғалыс тізбегін толық бақылау арқылы жсырын өндірісті және контрафактілік өнімдердің айналымын тоқтату басты мақсат етіп белгіленді.
Кәсіпкерлер алған маркировка кодтарын өнімдерге қолдану үшін белгіленген 90 күнтізбелік күн мерзімі жойылады.
Маркировка кодтары өнімге тікелей қолданғаннан кейін олар үшін төлем жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, цифрлық маркировкаланған өнімдерді агрегациялауда қолданатын маркировка кодтары Цифрлық маркировкалау және бақылау ұлттық ақпарат жүйесінің операторы (Оператор) тарапынан тегін беріледі.
Кәсіпкерлердің өтініштерін жедел шешу мақсатында Оператор тәулік бойы жұмыс істейтін «Call орталығын» іске қосылады.
Қаулыға сәйкес, 2025 жылғы 1 июлінен бастап:
импорттаушы ұйымның Өзбекстан аумағына әкелінген дәрілік заттарды тікелей олардың көтерме және бөлшек саудасымен шұғылданушы кәсіпкерлерге тікелей немесе оның ресми диллері арқылы реализациялау электрондық шот-фактурасы негізінде жүзеге асырылады;
цифрлық маркировкаланған өнімдерді көтерме сату тек қолма қол ақшасыз түрде банктік шоттар арқылы жүзеге асырылады.

