Өзбекстан Республикасы Президентінің «Міндетті цифрлық маркировкалау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Цифрлық маркировкалау ережелерінің сақталуын бақылау бойынша аумақаралық салық инспекциясы құрылады.
Цифрлық маркировкаланған өнімдер айналымының барлық басқыштарында жүйелі бақылауды қамтамасыз ету Инспекцияның негізгі міндеттерінің бірі етіп белгіленді.
2025 жыл 1 сентябрьден бастап:
қауіпті талдау жүйесінде міндетті цифрлық маркировкалау ережелерін бұзу жағдайлары салықтық қауіп дәрежесін жоғары деп бағалауға негіз болады;
міндетті цифрлық маркировкаланған өнімдерді реализациялауда маркировка коды біріктірілмеген электрондық шот-фактураны ресімдеуге жол берілмейді;
міндетті цифрлық маркировкаланған өнімдерді бөлшек саудада сату кезінде:
маркировка коды кірітілгеннен соң онлайн бақылау-касса техникасының касса түбіртегі қалыптастырылады;
бұрын пайдаланылған маркировка кодтары кірітілгенде онлайн бақылау-касса техникасының касса түбіртегін қалыптастыруға жол берілмейді.

