Осыған орай, Мектепке тдейінгіжәне мектеп білім министрлігі қасындағы Мамандандырылыған білім мекемелері агенттігі жүйесінде «Жаңа Өзбекстан» университеті мен Мирзо Улугбек атындағы мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде инженерлік мектептер құрылады.
2026-2027 оқу жылынан бастап:
бұл мектептерге оқушыларды іріктеу және қабылдау басталады, бір сыныптағы оқушы саны 24, жалпы шектелу саны 240 болып белгіленеді;
бірінші оқу жылында 7-10-сыныптарға, ал екінші оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 6-сыныбын бітірушілер арасында 7-сыныпқа қабылданады;
оқу үдерісі 5 жылдық бағдарлама негізінде STEM моделі бойынша ұйымдастырылады, оның алғашқы 3 жылы физика, математика және шет тілдерінен, кейінгі 2 жылы инженерлік пәндері бойынша бастауыш дайындыққа назар аударылады;
инженерлік мектептердің 11-сынып оқушылары үшін екі айлық міндетті өндірістік практика (стажировка) енгізіледі;
инженерлік мектептерде оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару жөніндегі академиялық директор лауазымы енгізіледі;
2026 жылғы 1 январьдан бастап:
әр жылы жалпы білім беретін мектептер арасында Президенттік сыйлық үшін «Озық инженерлік мектеп» республикалық байқауы өткізілетін болады;
байқаудың Республикалық басқышының жеңімпаздары үшін шет мемлекеттерге білім саяхаты ұйымдастырылады;
Байқаудың Республикалық басқыншында 1-орынды иелеген мектептерге инженерлікке қатысты зертханалар кешенін қамтитын Инновациялық технопарк құру үшін 1 миллиард сум көлемінде қаржы бөлінеді.








