Малайзиямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жандана түседі

    Еліміз елшілігінің қолдауымен Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінен құралған делегацияның Малайзияға сапары ұйымдастырылды.

    Сапар барысында Өзбекстан делегациясы Малайзия Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі министрлігі, Ауыл шаруашылық маркетинг агенттігі, Ауыл шаруашылығы зерттеулерді дамыту институты, Исламдық даму департаменті, Пальма майы кеңесі және «Meraque Group» компаниясының өкілдерімен кездесулер өткізді.

    Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Малайзияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі министрлігі арасында ынтымақтастықты одан әрі дамытудың «Жол картасын» әзірлеу, су ресурстарын басқару және суды пайдалану мәселелері бойынша малайзиялық мамандардың елімізде тренингтерін ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Малайзияның Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Өзбекстанның Салы ғылыми-зерттеу институты арасында осы елдің құрғақшылыққа төзімді әрі ерте пісетін салы сұрыптарының тұқымдарын тәжірибе ретінде елімізде өсіру, салының жаңа сұрыпын жарату және құрғақшылыққа төзімді гендерді ойлап табу бойынша қосымша ғылыми-зерттеу істерін ұйымдастыруда ынтымақтастық жасауға келісті.

    Малайзия ауыл шаруашылық маркетинг агенттігі елімізден жаңадан піскен және кептірілген жеміс-жидектер, көкөніс өнімдерін импорттауда өзінің серіктестік көтерме сауда компаниялары мен Өзбекстанның экспорттаушы кәсіпорындары арасында қарым-қатынас орнатуға дайын екенін білдірді.

    Сондай-ақ, делегация мүшелері Малайзияның «Meraque Group» компаниясы өндіріп жатқан қашықтан басқарылатын электронды және гибридті құрылғылардың дала жағдайында қолданылуымен танысты.

    Өзбекстан ауыл шаруашылығының сынақ алқаптарында тәжірибелер жүргізу және кейіншелік мұндай түрдегі құрылғыларды жергілікті жағдайда шығару бойынша пікір алмасу үшін малайзиялық сарапшылардан құралған жұмысшы топты Өзбекстанға сапарын жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates