Кездесуде компания Өзбекстандағы тоқымашылық өнеркәсібі, денсаулық сақтау, фармацевтика, қонақ үй менеджменті, халықаралық білім беру, шағын және орта бизнеске арналған қор биржасы салаларындағы ынтымақтастық жасау мәселелерін талқылады.
Мутхукумар Аярпадде жергілікті серіктестермен бірге Өзбекстанда бірқатар жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.
Ташкент қаласында оңалту орталығын құру және халықаралық стандарттар бойынша басқаруды жолға қою, республика аумақтаныда бүйрек ауруларын емдеуге мамандандырылған диализ орталығы мен көпфункционалды емханаларды құру, фармацевтикалық өнімдерді әзірлеу бойынша біріккен жобаларды жүзеге асыру, халықаралық денсаулықты сақтау және эстетикалық медицина институтыны дің жасушаларын емдеу саласында ынтымақтастық жасау және Ташкент қаласында арнайы зертхана құру сияқты жобалар осылар қатарында.
«Kapital DX» компаниясы Өзбекстандағы шағын және орта бизнеске шетелдік және жергілікті инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін арнайы онлайн-платформаны құру және басқару бойынша ынтымақтастықты ұсынды.
«Indah Atelier» компаниясы Малайзияның батик өнерін Өзбекстанның әйгілі икат және сузана кестелерімен үйлестіретін бірлескен сән үлгілерінің топтамасын бірлесіп әзірлеуге қызығушылық танытты, деп хабарлайды «Дунё» АА.
«MK Tron Group» компаниясын 1992 жылы кәсіпкер Мутхукумар Аярпадде тарапынан негізі қаланған. Компания автомобильдің қосалқы бөлшектері, өнеркәсіп және тұрмыстық газ баллондары, алюминный қорытпаларын өндіру, денсаулық сақтау, IT-технологиялар салаларында Малайзияда, Үндістанда, Мексикада және Оңтүстік Кореяда және Ұлыбритания елдерінде жұмыс істейді.
“Kapital DX” және “Indah Atelier” компаниялары “MK Tron Group” nj,s құрамына кіреді.