Қаулыға орай, 2026 жылдың соңына дейін Туризм комитеті тарапынан Малайзия мен Индонезиядан «Умра плюс» зиярат туризмі бағдарламасы (Бағдарлама) негізінде туристерді тартатын туроператорларға әрбір турист үшін 100 АҚШ доллары мөлшерінде субсидия бөлінеді.
2026 жылғы 15 январьдан бастап:
– Малайзия мен Индонезияда Бағдарлама бойынша күшейтілген жарнамалық-насихат кампаниясы жүзеге асырылады;
– туроператорлар (турагенттер) тарапынан Ұлттық туризмнің бірыңғай платформасы арқылы Бағдарлама бойынша қалыптастырылған туристік пакеттердің онлайн сатылымы жолға қойылады.
Бағдарламаны іске асыру үшін білікті кадрлар даярлау мақсатында Өзбекстан халықаралық исламтану академиясында оқу-практикалық зертхана құрылады.
Өзбекстан халықаралық исламтану академиясы мен Малайзияның жоғары оқу орындары арасында «Туризм және қонақжайлылық» білім беру бағыты мен мамандықтары бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары іске қосылады.