Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі ақпарат қызметінің мәлімдеуінше, жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сыныбын 2021 жылы бітірген жастар үшін оқуды жалғастырумен біргелікте кәсіп-өнер үйрену мүмкіндігін беретін республика бойынша 339 кәсіптік-техникалық мектептерге қабылдау басталған.
Қабылдау Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің www.kasb.edu.uz электронды платформасы арқылы төмендегідей формада онлайн жүзеге асырылады:
электронды өтініш (www.kasb.edu.uz арқылы толтырылады);
жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сыныбын бітіргендігін растайтын аттестат (электронды) көшірмесі;
3х4 фотосурет.
Құжаттарды қабылдау 1 июльден 20 июльге дейін (сол күні де) жалғасады. Онлайн құжат тапсыруда қосымша сұрақтар бойынша жақын орналасқан кәсіптік-техникалық мектептерге өтініш жасау мүмкін.
Кәсіптік-техникалық мектептердің бітірушілері болашақта жұмыс істеу және жоғары оқу орындарына құжат тапсыру құқығын беретін мемлекетт









