Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі ақпарат қызметінің мәлімдеуінше, жалпы орта білім беретін мектептердің  9-сыныбын  2021 жылы бітірген жастар үшін  оқуды жалғастырумен біргелікте кәсіп-өнер үйрену мүмкіндігін беретін республика бойынша 339  кәсіптік-техникалық мектептерге  қабылдау басталған.

Қабылдау Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің  www.kasb.edu.uz электронды платформасы арқылы төмендегідей формада  онлайн жүзеге асырылады:

электронды өтініш (www.kasb.edu.uz арқылы толтырылады);

жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сыныбын  бітіргендігін растайтын аттестат (электронды) көшірмесі;

3х4 фотосурет.

Құжаттарды қабылдау 1 июльден 20 июльге дейін (сол күні де) жалғасады. Онлайн құжат тапсыруда қосымша сұрақтар бойынша жақын орналасқан  кәсіптік-техникалық мектептерге өтініш жасау мүмкін.

Кәсіптік-техникалық мектептердің бітірушілері болашақта жұмыс істеу және жоғары оқу орындарына құжат тапсыру құқығын беретін мемлекетт