2. Сұрақ: 19 январь күні Газадағы атысты тоқтату және кепілге алынғандарды айырбастау туралы келісімі күшіне енді. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің бұл тұрғыдағы ұстанымы қандай?

Жауап: Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Газадағы атысты тоқтату және кепілге алғандарды алмасуды құптайды. Біз бұл келісімдерде шиеленісті төмендету мен аймақтағы көптен күткен бейбітшілікті орнату жолындағы өте маңызды оң қадам ретінде қараймыз.

Біз Катар, АҚШ және Мысырдың келісімге келудегі іс-әрекеттерін жоғары бағалаймыз. Біз барлық тараптарды келісім шарттарын сақтауға шақырамыз.

Өзбекстан Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық іс-әрекеттерді қолдап-қуаттауға дайынбыз.

3. Сұрақ: Өзбекстан 1 январь күні БРИКС бойынша серіктес елге айналды. Еліміздің осы ассоциацияға қатысуынан қандай пайда күтілуде?

Жауап: БРИКС – көпжақты ынтымақтастық пен серіктестіктің ықпалды және серпінді бірлестігі есептеледі. Біз өзара ынтымақтастықтың мұндай үлгісі БҰҰ-ның орталық рөлін сақтай отырып, әділетті әлемдік тәртіптің жаңа архитектурасын құру үшін берік негіз бола алады деп сенеміз.

БРИКС мүшелерінің көпшілігі біздің дәстүрлі серіктестеріміз. Бізді ең алдымен экономикалық мүдделер қызықтырады. БРИКС – үлкен әлеуеті бар үлкен базар. Бірлестік мүшелерімен қарым-қатынасты жан-жақты кеңейту халқымыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуде оңды орынды иелейді.

4. Сұрақ: Екінші кездесуі Анкарада болып өткен Әзербайжан және Түркиямен үшжақты ынтымақтастық платформасын Өзбекстан қалай бағалайды? Мұндай үшжақты форматты басқа елдермен құру немесе оған басқа елдерді тарту арқылы Баку-Ташкент-Анкара форматын кеңейту мүмкіндіктері қарастырылуда  ма?

Жауап: Біз осы платформаны елдеріміз арасындағы пайдаланылмаған үлкен әлеуетті іске асыру үшін өте маңызды кеңістік деп білеміз.

Кездесудің күн тәртібі өте бай болды және ынтымақтастықтың дерлік барлық салаларын қамтыды. Барлық қатысушылар аймақтық және жаһандық жағдайдағы мәселелер бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бар күш-жігерімізді салуға келісті. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттігі баса айтылды.

Өздеріңіз білетіндей, алғашқы кездесу 2022 жылы болып өткен. Ташкенттегі қазіргісі қатарынан екінші және басқа мемлекеттерді тарту мәселесі әлі осы форматтағы күн тәртібінде тұрған жоқ.