Ферғана облысындағы «Туяғум» махалласының тұрғыны Шухратжон Рустамов 2002 жылдан бері сирек кездесетін түрлі құстарды өсірумен айналысады. Алғашында небәрі 4 құспен жұмысты бастаған кәсіпкер бүгінде 12 түрден астам, 2500-ден астам құсты өсіріп, отбасына табыс әкелуде.
«Махалламызда 50-ден астам отбасы құс шаруашылығымен айналысады. Бұл бағыт махалламызда «драйвер жоба» ретінде таңдалды. Маған кеңес сұрап келгендерге, қызығушылық танытқандарға көмектесіп жүрмін», - дейді Шухратжон Рустамов.
Кәсіпкердің болашақтағы жоспарлары үлкен. Ол құс саудасына мамандандырылған дүкен ашуды мақсат етіп отыр. Бұл дүкенде құстардың әр түрін ғана емес, оларға қажетті жем, дәрумендер мен гигиеналық құралдар, торлар сияқты өнімдерді де сату жоспарланған. Осы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуды да жоспарланған.



