Орталық банк негізгі мөлшерлемені 14 пайыз дәрежесінде өзгеріссіз қалдырды

    Орталық банк негізгі мөлшерлемені жылдық 14 пайыз дәрежесінде өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы қабылдады.

    Өзбекстанның Орталық банкінің басқаруы 11 сентябрьдағы жиналысында негізгі мөлшерлемені жылдық 14 пайыз дәрежесінде қалдыру туралы қаулы қабылдады. Орталық банктің мәліметінше, август айында жалпы инфляция июль айымен салыстырғанда аздап төмендеп, жылдық есепте 8,8 пайызды құрады.

    Базалық инфляция азық-түлік және зық-түлік емес тауарлар бағасының өсуінің баяулауы салдарынан 7,6 пайызға дейін төмендеді.

    Бұл ретте, жалпы сұраныстың жоғары дәрежеде сақталуы жағдайында энергия бағасының өсуінің қайталама әсерлері қызмет көрсету инфляциясының жоғары қалыптасуын көруге болады.

    Соңғы айларда маусымдық факторларға және валюта бағамының тұрақталуына байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлердің инфляциялық төмендеу үрдісі байқалған болса да, бірақ бұл күтулер инфляцияның жалпы дәрежесінен жоғары болып қалуда.

    2025 жылдың бірінші жартыжылдығында экономикалық өсім 7,2 пайызға дейін жеделдеді. Қызмет көрсету секторындағы жоғары өсіммен қатар өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында да айтарлықтай өсім байқалды.

    Трансшекаралық ақша аударымдары көлемінің тұрақты өсуі, экономикана несиелендірудің қарқынының жеделдетілуі, бюджет қаражаттарының өсуі және инвестициялық белсенділіктің жоғары болуы жалпы сұранысты белсенді ынталандыратын факторлардың қатарында

    Бұл ретте, халықаралық саудадағы шектеулер мен өзара байланыстардың өзгеруіне байланысты жаһандық инфляцияның күтілгеннен баяу төмендеуі, азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі және негізгі сауда ынтымақтастық елдердегі инфляция дәрежесінің таргет көрсеткіштен жоғары қалыптасқандығы болашақта импорттық инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін.

    Осы жағдайда инфляция деңгейі ағымдағы жылдың соңына дейін 8,7 пайыз шамасында болады деп болжануда. Экономикадағы инфляциялық қысымды төмендету және орта мерзімді болашақта баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Орталық банк басқаруы негізгі мөлшерлемені ағымдағы 14 пайыз дәрежесінде сақтау туралы қаулы қабылдады.

    Салыстырмалы түрде қатаң ақша-несие жағдайларының жалғасуы экономикадағы жинақтардың тартымдылығын сақтайды, несиелеу қарқынын оңтайландыру және ақша нарығындағы ресурстар бағасын пропорционалды қалыптастыру арқылы жиынтық сұранысты теңестіруге қызмет етеді және инфляцияға монетар факторларының әсерін төмендетуге қызмет етеді.

    Сонымен қатар, жалпы инфляцияның тұрақты төмендеу траекториясына өтуі үшін біраз уақыт қажет. Егер алдағы айларда бағаның көтерілу қысымының күтілгеннен жоғары күшеюіне белгілер мен негіздер болса, монетарлық шарттарды қатайту мәселесі қайта қаралуы мүмкін.

    Негізгі мөлшерлемені қарау бойынша Орталық банк басқаруының келесі жиналысы 2025 жылдың 23 октябрне жоспарланған.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates