Орталық банкте БҰҰ-ның Даму бағдарламасының өкілдерімен кездесу өтті

    Қаржы 26 Mart 2024 853

    Орталық банк басшылығының БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Өзбекстандағы өкілдерімен кездесуі өтті.

    Диалог барысында іскер топтармен, қаржы ұйымдарымен және коммерциялық банктермен жүзеге асырылатын біріккен жобалар талқыланды.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының өкілдері Өзбекстанның қаржы секторында «жасыл қаржыландыру» үшін үлкен әлеует бар екеніне тоқталып, Өзбекстан Республикасының Орталық банкімен біріккен жобалардың бағыттарын кеңейтуді ұсынды.

    Сондай-ақ, кездесуде салынып жатқан үйлерге «жасыл несиелерге» субсидия бөлу тәртібін жолға қою және қайта тіктелетін энергия көздерін ( күн панельдері) кеңейту арқылы Өзбекстанда энергия тиімді ауылдық тұрғын үй ғимараттарын құруды дамытуға қолдау жобасын жүзеге асыруға келісілді, деп хабарлайды Орталық банктің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates