Орталық Азия және АҚШ СІМ басшыларының «C5 + 1» фарматындағы кездесуі өтті

    2021 жылғы 22 сентябрьде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бейнеконференция арқылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы аясында ұйымдатырылған Орталық Азия және АҚШ-тың сыртқы саяси мекеме басшыларының «С5+1» фарматтағы кездесуіне қатысты.

    Кездесуге Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түркіменстанның Сыртқы істер министрлері және АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы қатысты.

    Сыртқы саяси мекеме басшылары экономикалық, аймақтық қауіпсіздік, терроризм және экстремизмге қарсы күрес, COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жоюда салалардағы ынтымақтастықты дамытудың көкейкесті мәселелері туралы пікір бөлісті.

    Делегация басшылары Ауғанстандағы жағдаймен танысты, гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін ауған халқына көмек көрсету, осы елдің аумақтағы экономикалық үдерістерге интеграциялануын қамтамасыз ету инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру қажет екенін айтты.

    Аймақтағы мемлекеттер тұрақтылығына және қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерге қарсы күрес туралы халықаралық қауымдастықтың іс-әрекеттерін біріктіру қажеттігі айтылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates