Сапар аясында еліміздің делегациясы Сеул қаласында Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастық бойынша парламент спикерлерінің жиналысына қатысты.

Сондай-ақ, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Ким Чжин Пхе, Қазақстан Республикасы Парламентінің  Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенеши Төрағасы Нұрланбек Шакиев, Тәжікстан Республикасы Мәжлисі Намояндагон Мажлиси Оли раиси Махмадтоир Закирзода мен Түркіменстан Ұлттық Генгеш Мажлиси төрағасы  Дунягозел Гулмановалар, сондай-ақ депутаттар мен басқа да саяси қайраткерлер қатысты.

Парламентаралық ынтымақтастықтың «5+1» форматында ұйымдастырылған бұл  платформаның көздеген мақсаты – елдер арасындағы көпқырлы диалогты одан әрі нығайтуға жаңа серпін мен мазмұн беру.

Шараның негізгі сессиясы «Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы аймақтық ынтымақтастықтың болашағы мен үстем бағыттары: алдағы 30 жыл үшін белсенді іс-әрекет» тақырыбына арналды.

Онда сөз сөйлегендер соңғы жылдары Орталық Азия елдері мен Корея Республика арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі дәстүрлі мәселелермен қатар жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру және іс жүзіндік ынтымақтастықты кеңейтуде парламентаралық диалогтың маңызы зор екенін атап өтті.

Сенат Төрайымы өз сөзінде 15 жыл барысында инвестициялар, инновациялар, көлік, денсаулық, білім мен мәдениет және тағы басқа салаларындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту бойынша жаңа бастамалар мен идеяларды ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіп жатқан «Орталық Азия + Корея» ынтымақтастық форматы (2007 жылдан бері)  орнының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ осы халықаралық диалог барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, технологиялар, инновациялар және жасыл экономика саласындағы парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету, баламалы энергетика және «жасыл» сутегі өндірісі саласына Корея инвестицияларын тарту, жаңа технологияларды енгізу сынды мәселелер осылар қатарында.

Күннің екінші жартысында жиналыс екі сессияға бөлінген түрде өз жұмысын жалғастырды. «Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының ортасындағы экономикалық ынтымақтастық» тақырыбына арналған сессияда бүгінде әлемде күшейіп келе жатқан қайшылықтар мен қақтығыстар, келіспеушіліктер, әлем экономикасындағы кері тенденциялар, тұрақсыз халықаралық сауда-экономикалық қарым-қатынастар жағдайында көп қырлы және өзара мүдделі ынтымақтастықты, сонымен қатар парламентаралық диалог арқылы іс-әрекеттерді бірлестіру мәселелеріне назар аударылды.

Сессияда Сенат Төрайымы өз пікірін білдіріп, Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту өңірлік ынтымақтастықтың негізгі  драйвері бола алатыны, сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайту бойынша іс жүзіндік ынтымақтастықты дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жаратуда парламенттің көмегі маңыздылығын тілге тиек етті.

Жоғарыда айтылғандай, қазіргі уақытта проблемалар мен қайшылықтарды анықтау үшін көлік-логистикалық қызметті реттейтін қолданыстағы нормативтік құжаттарды зерделеу және талдау қажет. Қолданыстағы стандарттар мен талаптарды, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін ескере отырып, жобаларды әзірлеу қажеттілігіне баса назар аударылды.

«Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастық» тақырыбына арналған сессияда қатысушылардың назары экономикалық даму мәселелеріне және Орталық Азияның әлем деңгейіндегі беделін нығайтуда цифрландыру үстерістерінің нәтижелі және экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллекттің кең енгізілу мәселелеріне қаратылды.

Сессияда Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Корея Республикасының қолдауымен Ташкент қаласында ғылыми-зерттеу істерін жүргізуге, білікті кадрларды даярлауға және аумақтағы барлық елдердің қажеттіліктері үшін әмбебап ІТ-өнімдерін жасауға бағытталған жасанды интеллектті үйрену сондай-ақ дамыту бойынша Орталық Азия орталығын ұйымдастыру және цифрландыру саласындағы Кореяның жетекші университеттерімен осы салада білікті кадрлар дярлауда ынтымақтастықты жолға қою ұсынысын алға тартты.

Жиналысында «Орталық Азия – Корея Республикасы» парламентаралық ынтымақтастықтың  кезектегі жиналысын 2024 жылы Ашхабадта өткізу туралы ұсыныс қолдау тапты.

Шара соңында Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы парламенттері спикерлерінің бірінші жиналысының Біріккен декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.