Бұл туралы Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов өзінің Facebook парақшасында хабарлады. «Әрине, Үндістан, Бахрейн сияқты елдермен бәсекеге түсіп, жеңіске жету оңай болмады.
Алты жүз жыл бұрын Мирзо Ұлықбек обсерваториясы мен медресе құрып Самарқантты білім-ғылым орталығына айналдырған болса, 2028 жылы әлемдегі ең ірі ғарыштық шараның Самарқандта өтуі, әрине үшінші ренессанс негізінде бастап берген Президентіміз тарапынан жүргізіліп жатқан істердің әлем жұртшылығының бірегей мойындауы екені сөзсіз.
Бұл шара тек 10 мыңнан астам қонақ пен халықаралық көрмені әкеліп қана қоймайды, еліміздің экономикасына пайда әкеліп, (Австралия экономикасына 27 миллион доллардан астам табыс әкелді) жастардың білім-ғылымға деген қызығушылығын одан әрі арттыруға септігін тигізеді.
Көз тимесін, Президентіміз білім саласына назар аударуының арқасында қазіргі жастарымыз арасында білім- ғылыммен айналысуға ұмтылғандардың қатары күн санап артып келе жатқаны даусыз. Осындай жастар Мирзо Ұлықбектің нағыз ізбасарлары болып, еліміздің ғылым саласындағы беделін одан әрі арттыруға үлес қосады деп сенеміз», - деді Шерматов.








