Орталық Азияның үш елі Халықаралық меморандумға қосылды

    Жасыл планета 13 Fevral 2024 1505

    Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан Африка мен Еуразиядағы қоныс аударатын жыртқыш құстарды сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қосылды.

    Меморандум 11 февральда CMS COP14 «Орталық Азиядағы қоныс аударатын жануар түрлерін сақтау бойынша трансшекаралық және аймақтық ынтымақтастық» сессиясы аясында қол қойылды.

    Құжатқа Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов, Қырғыз Республикасының Табиғат ресурстары, экология және техникалық бақылау министрі Мелис Турғынбоев, Қазақстан экология және табиғи ресурстары министрінің орынбасары Нұркен Шарбиевтар қол қойды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.

    «Бұл меморандум жабайы жануарлардың қоныс аударуына кедергілерді жоюды, олардың бір өңірден екінші аймаққа көшуіне қолайлы жағдай жасауды көздейді. Бұл қоныс аударатын жануарларды қорғауға және сол арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтауға мүмкіндік береді. Оған қоса, бұл мәселеде Орталық Азия елдерінің бірлігін нығайтады», - деді Азиз Абдухакимов.

    Анықтама үшін: бұл меморандум жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенцияға сәйкес жасалған халықаралық келісім болып табылады. Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған елдер жыртқыш жануарлардың түрлерін бүкіл таралу аймағында сақтаудың қолайлы мәртебесіне қол жеткізу және олардың азаюына жол бермеу үшін сәйкестендірілген іс-шаралар мен әрекеттерді жүзеге асыруға міндеттеледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates