Бұл диалог — 30 жыл бұрын қабылданған Пекин декларациясы және Әрекеттер платформасының жалғасы. Онда 189 ел әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғаны белгінген еді. Араға 30 жыл салып бұл идеялар Ташкентте қайта жандана бастады.
Бүгінде еліміз Орталық Азияда әйелдер құқығын қорғау және теңдігін қамтамасыз етуде жетекші мемлекетке айналды.
Соңғы жылдары жүзеге асырылған реформалар мұны дәлелдейді:
2030 жыға дейін Өзбекстан Республикасында гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясы қабылданды;
мыңдаған әйелдер кәсіпкерлікпен айналысуда;
жоғары оқу орындарында қыздарға арналған квоталар кеңейтілді;
зорлық-зомбылыққа қарсы құқықтық қорғау жүйесі күшейтілді.
Бұл диалог жай ғана жиналыс емес. Бұл әйелдер өз дауыстарын жеткізе алатын және жаңа қаулылар мен мүмкіндіктер пайда болатын маңызды платформа.
Шара соңында қабылданатын Орталық Азия әйелдерінің Декларациясы алдағы жылдары аймақтағы гендерлік теңдіктің нақты жол картасын белгілейді. Өзбекстан бүгін тек шараның иесі ғана емес, әйелдердің әлеуетін бағалайтын, оларға сенетін мемлекет.








