Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредитациядан өткізуді жалғастыруда

    Сайлау 23 Avgust 2021 1515

    Өзбекстан Республикасы Президент сайлауы кампаниясы кезінде сайлауды жариялау бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері — Орталық сайлау комиссиясы тарапынан аккредитациядан өткізіледі.

    Аккредитациядан өткен БАҚ өкілдері сайлауға дайындық жасаІау және оны өткізуге қатысты барлық шараларды жариялау, сайлау күні дауыс беру ғимараттарында болу, сондай-ақ дауыстарды санау кезінде бақылау құқыµына ие.

    Аккредитациядан өткізу туралы өтініштер 2021 жылµы 14 октябрь сағат 18:00-ге дейін Орталық сайлау комиссиясы тарапынан қабылданады.

    Аккредитациядан өтетіндер Өзбекстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары Орталық сайлау комиссиясына мына құжаттарды тапсыруы керек:

    -аккредитациядан өткізу туралы Орталық сайлау комиссиясына жазылған өтініш. Өтініш БАҚ ресми бланкасында ұсынылады және басшының қолымен бекітілген болуы қажет. Өтініште аккредитациядан өткізілген БАҚ өкілінің фамилиясы, аты, шығу тегі мен лауазымы көрсетіледі. Өкілдер саны көп болса олардың тізімі өтінішке қосымша етілуі мүмкін;

    -аккредитациядан өткізілетін өкілдің азаматтықты растайтын құжат көшірмесі (паспорт, ID карта);

    3х4 см көлемдегі фотосурет немесе Jpg форматтағы электронды формадағы фотосурет.

    Бұқаралық ақпарат құралдарының тізімінен өткізілгендігі туралы куәлік көшірмесі ұсыну мақсатқа сай.

    Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өткен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Орталық сайлау комиссиясы тарапынан аккредитациядан өткізіледі.

    Шетелдік БАҚ өкілдерін аккредитациядан өткізу үшін Орталық сайлау комиссиясы төмендегі мына құжаттарды тапсырады:

    -аккредитациядан өткізу туралы Орталық сайлау комиссиясына жазған өтініші. Өтініш Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өткен шетелдік БАҚ тілшілік пункті (бюросы, офисі) басшысының қолымен бекітілген болуы қажет. Өтініште аккредитациядан өткізілген БАҚ өкілдерінің фамилиясы, аты, шығу тегі мен лауазымы көрсетіледі. Өкілдер саны көп болса олардың тізімі өтінішке қосымша етілуі мүмкін;

    аккредитациядан өткізілген өкілдің азаматтығын растайтын құжаттың нұсқасы (паспорт);

    3х4 см көлемдегі фотосурет немесе Jpg форматтағы электронды формадағы фотосурет.

    Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тарапынан аккредитациядан өткізілгенін бекітуші куәлік көшірмесін ұсыну мақсатқа сай.

    Құжаттар қағаз және электронды формада қабылданады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. Сонымен қатар хабар арқылы пошта және электронды мекенжай, хабарласу үшін телефон нөмері көрсетілген.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates