Орталық сайлау комиссиясына бөлінетін қаржылардың шектеулі мөлшері 300 миллиард сум етіп белгіленген

    Сайлау 16 Iyun 2021 1544

    16 июнь күні Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясың кезектегі мәжілісі өтті.

    Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Зайниддин Низамходжаев басқарған мәжілістің күн тәртібінен Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық жасау және оны өткізу бойынша қаражаттар сметасын бекіту, Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгертулер мен қосымшалар енгізуге байланысты мәселелер орын алды.

    “2021 жыл үшін Өзбекстан Республикасының мемлекеттік бюджеті туралы” заңға сәйкес үстіміздегі жылдың октябрь айында өтетін Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық жасау және оны өткізу мен байланысты қаражаттарды қаржыландыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясына бөлінетін қаржылардың шектеулі мөлшері 300 миллиард сум етіп белгіленген.

    Қаражаттар сметасын қалыптастыру және Қаржы министрлігімен келісуде Сайлау кодексі мен халықаралық сайлау стандарттарының талаптарынан, сонымен қатар бұрынғы сайлаулар тәжірибесін талдап үйрену нәтижелерінен келіп шығып, Президент сайлауына дайындық жасау және оны өткізу үдерісінде қаржы талап етілетін барлық түрлері есепке алынды.

    Атап айтқанда, 14 окуругтік сайлау комиссиясының әрбіріне 56 миллион 991 мың сумнан, сонымен қатар 10 800-ге жуық учаскелік сайлау комиссиясының әрбіреуіне 11 миллион 813 мың сумнан қаржы бөлу жоспарланған.

    Мәжілісте округтік және учаскелік сайлау комиссиялары үшін бөлінетін бұл қаржының 80 пайызынан көбі аталған комиссиялар мүшелерінің еңбекақысы, конпенсация және бірыңғай әлеуметтік төлемдер үшін жұмсалатыны айтылды. Пандемия жағдайында сайлау комиссиялары мүшелерінің және сайлаушылардың саламаттығымен байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекциялайтын материалдарды сатып алуға байланысты қаржылар да ескерілген.

    Орталық сайлау комиссиясы тарапынан бекітілген және орындалуы дәйекті қамтамасыз етілетін Сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру консепциясы бойынша тренерлер мен мониторингілеу топтары мүшелерінің округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелігіне жұмылдырылатын үміткерлердің білімі мен дағдысын арттыру мақсатында “каскад” әдісімен ұйымдастырылатын оқу жаттығуларына 18,4 миллиардтың бөлінуі жоспарланған. Осы қаржылардың 92 пайызы тренерлер мен мониторингілеу топтары мүшелерінің жалақысын құрайды.

    Орталық сайлау комиссиясы тарапынан Президент сайлауына дайындық жасау және оны өткізу мен байланысты орталықтандырылған тәртіппен сатып алынатын сайлау жиһаздары, қажетті материалдық-техникалық құралдар, тауарлар мен қызметтер үшін де қаржы бөлінеді.

    Жиналыста Орталық сайлау комиссиясының бірқатар қаулылары сайлау заңдылығына енгізілген өзгертулер мен қосымшаларға сәйкестендірілді.

    Әсіресе, сайлау және реперендумды ұйымдастыру мен өткізу саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша істер бұрын әкімшілік соттар тарапынан қаралған болса, бұдан кейін қылмыстық істер бойынша аудандық, қалалық соттар тарапынан қаралады. Бұл ереже Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулысында да нығайтылды.

    Енді сайлаушылар мен кездесулер сияқты бұқаралық шаралар олардың өткізілетін орны мен уақыты туралы аудандық (қалалық) әкімдіктерді кемінде үш күн алдын жазбаша түрде хабарландырылып өткізіледі. Мұнда, бұл бұқаралық шараларды өткізу үшін рұқсатнама талап етілмейді.

    Алдын Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауын өткізуде окуруктік сайлау комиссиялары 9-11 мүшеден құралған құрамда құрылатын еді. Болып өтетін Президент сайлауында еліміз бойынша он төрт округтік сайлау комиссиясының жұмыс жүргізуі, кейбір округтерде сайлау учаскелерінің саны мыңға дейін жетуі, сайлау учаскелерінің кейбіреулерінде үш мыңға дейін сайлаушының тіркелуіне назар аударылса, округтік сайлау комиссияларының құрамын кеңейту қажеттілігі белгілі болады.

    Соған сәйкес Сайлау кодексіне енгізілген өзгертулер негізінде Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауын өткізу бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын 11-21-ге дейін белгілеу бойынша Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулысына өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.

    Мәжілісте Орталық сайлау комиссиясының өкілеттеріне қатысты басқа кейбір мәселелер де қаралды және тиісті қаулылар қабылданды.

    Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі