Masdar Өзбекстандағы инвестициялық қызметін кеңейтеді

    Үстіміздегі жылдың 3 апрелінде Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мухаммад ал-Рамахимен кездесу өткізді.

    Тараптар біріккен жобаларды жүзеге асыруға және қайта тіктелетін энергия көздерін дамыту бойынша инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелеріне назар аударды.

    Атап айтқанда, Самарқант, Жызақ және Сұрхандария облыстарында жалпы қуаты 897 МВт болған 3 фотоэлектр стансасын салу жобаларын жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы талқыланды. Аталған инвестициялық жобалардың құрылысын үстіміздегі жылдың апрель айында бастау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Жаңа ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы компанияның Өзбекстандағы қызметін кеңейту болашағы туралы да пікір алмасылды, тдеп хабарлайды, Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Анықтама үшін: «Masdar» қайта тіктелетін энергия көздері мен қалалардың тұрақты дамуы бағытына маманданған компания саналады. Компания Абу-Даби (БАӘ) үкіметіне тиісті болған Mubadala global инвестиция компаниясы құрамына кіреді. Компания әлемнің түрлі елдерінде қайта тіктелетін энергия саласындағы ірі және стратегиялық жобаларды жүзеге асырады. Ол 2006 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) құрылған. Компания 30 елде инвестициялық жобаларды жүзеге асырады, жобалардың жалпы құны 19,9 миллиард доллардан асады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates