Шарада Өзбекстан мектепке дейінгі білім министрлігінің орынбасары Узоқбой Бегимқулов және Ферғана қаласындағы Оңтүстік Корея халықаралық университетінің ректоры Пак Жун Хо қатысты.

Оңтүстік Корея тарапынан, сондай-ақ “English Hunt” компаниясының басшысы,  “Edulink Global” оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қосымша жоба консорциумына басшылық жасаған Чон Рим және компанияның басқа жауапты тұлғалары онлайн формада қатысты. 

Пандемия жағдайына қарамай, жақтар Өзбекстанның мектепке дейінгі білім министрлігі жүйесінде,  “Edulink Global”  оқу бағдарлама жобасын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Осы жобаның жүзеге асырылуын күшейту мақсатында 2020 жылда насихат жұмыстары басталған “Sboard” білім алаңдарын жарату жобасы бойынша келісімшартқа қол  қойылды. 

“Sboart” жобасы аясында талапкерлер, олардың ата-аналары, оқытушылар және мектепке дейінгі білім жүйесінің қызметкерлеріне ақпарат алмасу және мобильді қосымшалар арқылы оқу бағдарламаларынан пайдалану, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның озық білім бағдарламаларына кіру мүмкіндігін береді. Осы платформа 5 миллион пайдаланушыны қамтып алуы мүмкін. Бұл Еуроазия құрлығы аумағында білім саласындағы электронды қызметтердің ең жақсы білім порталының біріне айналуы мүмкін.

Оңтүстік Кореяның “Edulink Global” консорциумы “Sboard” бағдарламасын 1 сентябрь – Өзбекстан тәуелсіздігі күні қарсаңында ашуды жоспарлауда.