Кездесуде облыс әкіміне «Mikado develop and investment» компаниясы Ферғанада салынып жатқан Экоқала аумағында қонақүй-резиденция және сауда-туризм кешенін құру жобасы таныстырылды.
Жобаға орай, кешен 4 қабатты жапон сарайлары сәулеткерлік үлгісіндегі люкс қонақүй, 60 блоктан құралған әрқайсысының ауданы 50 шаршы метрді құрайтын сауда дүкендері және олардың жоғарғы қабатында 60 апартамент, жапон бағы мен бассейн, сауна, спа-салоны, конференция залы болады.
Сондай-ақ жапондықтар Ферғана қаласында қонақүй және мейрамханаға қызмет көрсететін қызметшілерді даярлайтын оқу орталығын ашу, оқу үдерісіне Жапониядан білікті мамандарды тартуды жоспарлап отыр.
Жапондық инвесторлар қазірде Өзбекстанда өз өкілеттіктерін ашты, енді жақын күндері жобаны жүзеге асыруға кірісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.