Ұлттық гвардия қолбасшысының ақпараты тыңдалды

    Қауіпсіздік 26 Aprel 2022 2036

    26 апрельде Сенаттың Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің жиырма бесінші жалпы мәжілісінен алдын Комитет жиналысы өтті.

    Жиналысқа комитет төрағасы Қ.Бурхонов, комитет мүшелері, Ұлттық гвардия қолбасшысы Р. Джураев, комитеттің сарапшылар тобы және тиісті министрліктер мен кеңселердің өкілдері қатысты.

    Шарадан бұрын Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы тарапынан елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 2021 жылғы және 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы істердің жағдайы туралы Ұлттық гвардия қолбасшысының ақпараты тыңдалды.

    2021 жылы және 2022 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген патрульдік қызмет барысында Ішкі істер министрлігімен ынтымақтастықта 200-ге жуық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталған, із-түзсіз жоғалған азаматтар анықталып, отбасыларына тапсырылғаны айтылды.

    Аталмыш кезең барысында ынтымақтастықта өткізілген шаралардың нәтижесінде 800-ден астам қылмыс ашылып, 2 мыңнан астам заңсыз заттар (пышақтар, кескіштер, пневматикалық және аңшылық қарулар), 1096 дана оқ-дәрі, 10 451 дана психотроптық заттар, 15 киограмнан астам есірткі заттары анықталған және құқықбұзушылыққа жол берген 1965 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.

    Сондай-ақ, экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастықтағы «Экопатруль» тобымен 1000-нан астам рейд жүргізіліп, 471 құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар ресімделген.

    Үстіміздегі жылдың үш айында мобильді патрульдік топтар келіп түскен 61 хабарлама бойынша 47 құқықбұзушылық жасаған 51 адамды құрықтап, ішкі істер органдарына тапсырған.

    Бұдан тыс, астанамыздың қауіпсіздігін сенімді күзетудің жаңа жүйесі енгізілді.

    2021 жылы жедел әрекет ету топтарымен қорғалатын нысандарда, оның ішінде тұрғын үйлерде қылмыс пен құқықбұзушылық жасаған 618 тұлға ұсталды. Осы жылдың өзінде 25 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 2 адам тұтқындалып, 3 азаматтың өмірі құтқарылды.

    Сондай-ақ “Күзету қызметі туралы” ,“Қару туралы заңдылықты жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы” Өзбекстан Республикасының Заңдарын және 2022-2026 жылдарға араналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын «Адам қадiрін ұлықтау және белсендi махалла жылында» жүзеге асыруға қатысты мемлекеттiк бағдарламаның 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы орындалуының қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің есебі алғашқы оқылуда талқыланды.

    Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының еліміздегі күзету саласындағы қатынастарын реттеу, сондай-ақ осы саладағы өкілетті мемлекеттік органды, оның құқығы мен міндеттерін белгілеу мақсатында «Күзету қызметі туралы» заң жобасы жасалды.

    Заңның мақсаты — күзету қызметі саласындағы байланыстарды реттеу, оның негізгі міндеттері жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкі мен нысандарын зұлымдықтан қорғау, күзетілетін нысандардың аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және оларға шек қою болып табылады.

    Заңда Өзбекстан Республикасы Президентінің, Министрлер Кабинетінің және Ұлттық гвардияның күзету қызметі саласындағы өкілеттері белгіленген.

    Мәжілісте «Қару-жарақ туралы заңдылықтың жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң да талқыланды.

    «Қару-жарақ туралы» Заңмен оқатар қарулардан тыс, пневматикалық, газды, дабыл қағатын, үшкір, лақтыру құралы мен электршок құрылғыларына иелік етуге рұқсат етілгені айтылды. Алайда, біздің заңдылығымызда жоғарыда аталған қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Қысқаша айтқанда, атылмайтын қаруды заңсыз сақтау, яғни үйде сақтау, көшеде алып жүру, оқу орындарына апару, басқа жағдайларда қару иесінің оны түрлі қылмыстық мақсатта пайдаланбайтынына «кепілдік» жоқ.

    Сондықтан Заңмен қолданыстағы 2 кодекс пен 6 заңға тиісті өзгертулер мен қосымшалар енгізу көзделген.

    Қаралған мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулылары қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates