Ресейдегі консулдықтар арқылы жаңа ұлттық жүргізуші куәлігін айырбастау тәртібі белгіленді

    Көлік 3 Noyabr 2021 895

    Үкімет қаулысымен Өзбекстан Республикасының Ресей Федерациясындағы консулдық мекемелерінде Өзбекстан Республикасының ескі ұлттық жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібі туралы уақытша ереже бекітілді.

    Ережеге сәйкес, жаңа ұлттық жүргізуші куәлігін ішкі істер министрлігі (ІІМ) Жол қозғалысы қауіпсіздігі бас басқармасы консулдық мекеме арқылы береді.

    Өтініш беруші ескі ұлттық жүргізуші куәлігін жаңасына ауыстыру үшін консулдық мекемеге жеке өтініш жасайды.

    Консулдық мекеме өтініш берушінің атынан өтінішті толтырады және 1 жұмыс күні ішінде ІІМ-ге жолдайды.

    Жол қозғалысы қауіпсіздігі бас басқармасы берген куәлікті қарағаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде жаңа ұлттық жүргізуші куәлігін Сыртқы істер министрлігінің Консулдық- құқықтық департаментіне жібереді. Соған орай жүргізушілік куәлігін консулдық мекемесіне дипломатиялық пошта арқылы ұсынады. Консулдық мекеме бір жұмыс күнінде жаңа үлгідегі ұлттық жүргізушілік куәлігін иесіне береді немесе белгілі бір себептерге орай одан бас тартады.

    Ескі ұлттық жүргізуші куәлігін жаңасына ауыстыру үшін мыналар алынады:

    - БХМ 70% мөлшерінде төлем;

    - Консулдық алым 20 доллар;

    - Нақты шығындарды жабу үшін 20 доллар мөлшеріндегі комиссия.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates