Египетте Имам Мотуриди мұрасын зерттеу бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

    Мәдениет 28 Sentabr 2022 1981

    Египеттің Әл-Азһар исламтану академиясында Өзбекстан елшілігі жариялаған Имам Мотуриди мұрасын зерттеу жөніндегі қабылдау комиссиясының жиналысы өтті.

    Онда 2020-2024 жылдары Имам Мотуриди және Мотуридилік ілімді үйренуді қолдап-қуаттау бойынша Өзбекстанда қабылданған «Жол картасына» сәйкес Мысырдың “Ал-Азхар кешенінің зерттеушілері арасында өткен Имам Мотуриди мұрасын зерттеуге арналған байқауға келіп түскен еңбектері қаралды. Қазылар алқасының қараған істерінің нәтижесінде байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды «Dunyo» AA.

    Кездесуде Египет тарапымен байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастыру және іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау келісілді.