Қаулыға сәйкес, 2026/2027 оқу жылынан бастап кезең-кезеңімен орта арнаулы және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары, сондай-ақ жалпы орта білім беру ұйымдарының 9–11-сынып оқушылары үшін айына кемінде 2 рет стартап идеяларын әзірлеуді үйрететін «Шеберлік және бизнес сағаты» шараларын өткізу жолға қойылады.

Мұнда:

– оқушылар арасында «Ең үздік стартап идеясы» байқауы өткізіліп, аудандық деңгейдегі жеңімпаздарға 5 миллион сум, облыстық деңгейде – 10 миллион сыйақы беріледі;

– жобалар әр тоқсан сайын оқушылардың ата-аналарына, бизнес және ғылыми қауымдастық өкілдеріне таныстырылады;

– маркетплейстермен ынтымақтастық орнатылып, білім беру ұйымдарында жасалған өнімдерді сату жолға қойылады.

2026 жылғы 1 сәуірден бастап  проблемалар мен мәселелер краудсорсинг негізінде шешудің мынадай жүйесі енгізіледі:

– мемлекеттік органдар, ұйымдар және мемлекеттің қатысуындағы кәсіпорындар өз саласындағы шешімді қажет ететін мәселелер бойынша:

• краудсорсинг электрондық платформасында хабарландыру жариялап, конкурс ұйымдастырады;

• ай сайын стартап бастамашыларымен кездесулер («Стартап күні») өткізіледі.