Михаил Мишустин «Жеңіс бағы» мемориалдық кешенімен танысты

    Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповтың бірге Ташкент қаласындағы «Жеңіс бағы» мемориалдық кешеніне барды.

    Бұл бақ халықтың Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбегін мәңгі есте қалдыру мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылғы 9 мамырда ашылған.

    Кешен бірнеше аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысы жеке тақырыпқа арналған. Мұнда соғыс зобалаңы, сарбаздардың ерлігі, тылдағы жұмысшылардың батырлығы, қайғы, қуаныш және ризалық бейнесі кескінделген.

    Жоғары мәртебелі қонақ қаза тапқан сарбаздарды еске алды. Соғыста бес ұлынан айырылған Зулфия әже Закироваға арналған «Матонат мадхияси» ескерткішіне гүл шоғын қойды. Сондай-ақ, Өзбекстанның соғысқа қатысу тарихына арналған Даңқ музейін аралап, Құрметті қонақтар кітабына өз тілектерін жазып қалдырды.

    Айта кету керек, бұл бақ қысқа уақыт ішінде келушілердің ең танымал орындарының біріне айналды.