Моңғолиямен транспорт-логистика саласындағы ынтымақтастық дамытылады

    Көлік 10 Mart 2023 1879

    Үстіміздегі жылдың 9 мартында Өзбекстан Республикасының Транспорт министрі Илхом Махкамов Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэгпен кездесті.

    Кездесуде тараптар елдеріміз арасында көлік саласындағы ынтымақтастық байланысты одан әрі нығайту, туризм, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға байланысты мәселелерді талқылады.

    Атап айтқанда, тараптар елдеріміз арасында автомобиль транспортында жүк тасмалдауды жолға қою, онда ұлттық тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау, екі ел арасында тікелей әуе рейстерін ұйымдастыру арқылы жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту жөнінде пікір алмасты.

    Аталмыш бағыттарда іс жүзіндік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жедел шаралар көрілуін екі тарап өкілдері де арнайы атап өтті. Тараптар елдеріміздің көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығару үшін барлық жағдайдың бар екенін, мүмкіндіктерді нәтижелі пайдалану екі тарап үшін де тиімді екенін атап өтті, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    Кездесуде талқыланған ынтымақтастық бағыттары аясында алдағы уақытта жүзеге асырылатын міндеттер белгіленді.