Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді. Оның нақтылауынша, құжаттар жаңа парламент сессиясының басында қаралады, деп хабарлады жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.
«Біз ТМД-мен жасалған үш келісімшартты денонсациялауды үйлестіру үдерісіндеміз. Бұл біздің ТМД-дағы мүшелігіміздің негізін құрайтын келісімшарттар, атап айтқанда: 1993 жылғы 22 январьда Минск қаласында қол қойылған ТМД Жарғысы; 1991 жылғы 8 декабрьде Минск қаласында қол қойылған ТМД-ны құру туралы келісімшарт; сондай-ақ 1991 жылғы 22 декабрьдегі аталған келісімшартқа қосымша», – деді Михай Попшой.
Бұл қаулы Молдова үшін нені білдіреді деген сұраққа ол республика енді ресми түрде ТМД мүшесі болмайтынын түсіндірді, деп хабарлады kaktus.media.
«Мүшелігіміздің негізін құрайтын осы үш негізгі келісімшарттың денонсациялау бізге заңды тұрғыда Молдова Республикасының енді ТМД мүшесі емес екенін жариялауға мүмкіндік береді. Іс жүзінде біз біраз уақыт бұрын-ақ қатысуымызды тоқтатқан едік, алайда заңды тұрғыда әлі де мүше болып қала бердік», – деп қосты министр.