Мәскеуде Ресей-Өзбекстан Іскерлер кеңесінің жиналысы өтті

    Бизнес 16 Mart 2022 1050

    Кеше Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасы ғимаратында Ресей-Өзбекстан Іскерлер кеңесінің кеңейтілген жиналысы гибрид форматта өтті.

    Палата президенті Сергей Катириннің төрағалығымен өткен жиынға Ресейдің Экономикалық даму министрі Максим Решетников, Өзбекстан елшісі Ботиржон Асадов, Федералды атқарушы билік органдарының, сондай-ақ ресейлік бизнес өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында Өзбекстан елшісі белсенді дамып келе жатқан екіжақты тауар айналымы жоғары қосымша құны бар өнімдерді жеткізумен сипатталатынын атап өтті. Осы орайда Өзбекстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлер кеңестің тиімді қызметі атап өтілді. Өңіраралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді, бұл ынтымақтастық тиісті Үкіметаралық келісіммен қолдап-қуатталуда. Жобалық кеңсе біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерді қолдап-қуаттау және үйлестіру бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

    Ресей экономикалық даму министрі Максим Решетников шарада сөз сөйлеп, Өзбекстанның беделі Ресейдің сенімді экономикалық серіктестерінен де жоғары екенін атап өтті. «Бізді ұзақ жылдық достық байланыстар мен өзара құрмет бірлестіреді. Мұндай байланыс өзара қарым-қатынасымызды тұрақты нығайтып келген», - деді Ресейдің кономикалық даму министрі.

    Максим Решетников «ЭР-Телеком Холдинг» АҚ президенті Андрей Кузяевты Ресей тарапынан Іскерлер кеңесінің жаңа төрағасы ретінде таныстырды.

    Кездесуде Іскерлер кеңесін одан әрі дамыту, Ресей мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де талқыланды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates