Мәскеуде туылған өзбекстандық 18 жылдан кейін «метрика» алды

    Жергілікті жерлерде азаматтардың әділет органдарына деген сенімі артып келеді.

    «...Олар сұхбаттасып, ұстамдылықпен, артықша проблеманы шешті», – дейді шетелден балалық кезінде құжатсыз оралған жерлесіміз.

    Ферғана облысы Бағдад ауданының тұрғыны Сайфулло Убайдулаев Өзбекстанның Халықаралық Ислам академиясын бітірген. Министрлер Кабинетінің арнайы қаулысына сәйкес, академия бітірушісіне жұмыс орнынан ай сайынғы жалақысына қосымша 20 пайыз үстемеақы төленуі тиіс. Бірақ бірнеше жылдар барысында Сайфулло бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Жеңілдетілген үстемақыны заңды тәртіпте төлеп берілуін қамтамасыз ету үшін оның бармаған жері, қақпаған есіктері қалмады. Сыныптасының кеңесімен ол аудандық әділет басқармасына жүгінді. Оның ісін Бағдад аудандық әділет бөлімі тарапынан оңды шешілді.

    – Менің бармаған кеңсем қалмады, – дейді Сайфулло Убайдуллаев. – Министрлер Кабинетінің арнайы қаулысымен біз сияқты кәсіп иелеріне берілген мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді толық пайдалану өте маңызды деп ойлаймын. Сондықтан да «әділеттегілерге» өз мұңымызды айттық, олар бұзылған құқығымызды тіктеп берді.

    Даңғара ауданының тұрғыны Руқия Алиева ата-анасы уақытша шетелде тұрғандықтан Мәскеуде дүниеге келген. Алайда оның отбасы Өзбекстанға оралған кезде оның құжаттарында қателер бар екені анықталды. Сол себепті ол 18 жыл бойы туу туралы куәлік ала алмаған. Аудандық әділет және АХАТ бөлімдері қызметкерлері іс-әрекеттерінің арқасында оның проблемасы тез әрі оңай шешілді. Іс сот тәртібінде қаралып, Руқияға жаңа туу туралы куәлік салтанатты түрде тапсырылды.

    Шетелден келгенімде ата-анамның айтуынша бір жапырақ анықтамамен мектепке қабылдаған,» – дейді Руқиябибі Алиева. – Дер кезінде шешілмеген мәселе бір күні маған үлкен проблема әкеле бастады. Мәселен оқуға тапсыру үшін маған төлқұжат қажет болды. Мен алмадым. Мектепте жүрген кезімде құжаттарым болмағандықтан қоғамдық іс-шараларға қатыса алмадым, алыс сапарларға да шыға алмадым. Сондықтан мен бұл мәселелерден толық құтылу үшін әділет басқармасына жүгіндім. Менің назарымды аударғаны – олар ойланбастан, байсалдылықпен заң аясында мәселені шешті. Бүгін салтанатты түрде құжатымды алдым.

    Жергілікті жерлерде әділет органдарына деген азаматтардың сенімі артып келеді. Үш айда бір ғана Данғара ауданының әділет органдарына тұрғындардан 200-ден астам өтініш түссе, Бағдад ауданында бұл көрсеткіш 395-ті құраған. Ағымдағы кезеңде аталған өтініштердің 90 пайызға жуығы өтініш берушілердің пайдасына шешілді.

    Элержон Эксанов,

    Ферғана облысы әділет басқармасының

    қоғамдық байланыс бойынша жетекші кеңесшісі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates