Тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету, лайықты еңбек жағдайын жасау, еңбек қатынастарына халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері талқыланды.
Халықаралық конференцияға Өзбекстанның жұмыс берушілері конфедерациясына мүше ірі компаниялар мен кәсіпорындардың, бірлестіктердің, сондай-ақ тиісті халықаралық ұйымдар мен Өзбекстандағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілеттіктерінің өкілдері қатысты.
Конференция Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Танзила Нарбаеваның бейне-үндеуімен басталды.
Сенат Төрайымы өз сөзінде соңғы жылдары мемлекет басшысының берік саяси ерік-жігерінің арқасында елімізде еңбек қатынастары жүйесі түбегейлі реформаланғанын, салада азаматтық қоғам өкілдерімен, халықаралық серіктестермен, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымымен тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын айтты.
Атап айтқанда, елімізде лайықты еңбек жағдайларын жасауда еңбек қатынастары мен жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылған реформаларда Халықаралық еңбек ұйымының қағидаттары негізінде 2018 жылы Өзбекстанның жұмыс берушілер конфедерациясы және 2019 жылы Әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша Республикалық үшжақты комиссиясының құрылғаны және олар нәтижелі қызмет көрсетіп келе жатқаны атап өтілді.
Өзбекстанның жұмыс берушілер конфедерациясының құрылуы елімізде еңбек қатынастары саласындағы үшжақты ынтымақтастықтың толыққанды жолға қойылуына ықпал етті.
Бұдан тыс, елімізде лайықты еңбек қағидаттарының іс жүзіне енгізілуінде 2019 жылы құрылған Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі ұлттық және аймақтық комиссиялар, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Ұлттық баяндамашылар институтының құрылғаны атап өтілді.
Ұлттық комиссия өз қызметін ұлттық заңдылықты және ұйымдастырушылық-құқықтық базаны жетілдіруге, халықаралық стандарттарды имплементациялауда, институционалдық негіздерді дамытуға, саладағы жүзеге асырылған істердің тиімділігіне жүйелі талдау жасауға және бар проблемаларды шешуге жүйелі жанасуға, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері мен тиісті халықаралық ұйымдармен нәтижелі ынтымақтастықты жолға қоюға қаратылды.
Өзбекстан Халықаралық еңбек ұйымымен 2014-2016 жылдарға арналған, кейіншелік 2020 жылға дейін ұзартылған «Өзбекстандағы лайықты еңбек бағдарламасында» белгіленген үстем міндеттердің нәтижелі атқарылуын қамтамасыз етті. 2021 жылдың сентябрь айында Өзбекстанда лайықты еңбек бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылданды.
Бағдарламада лайықты еңбек жағдайын жасауға, бейресми жұмыспен қамтуды қысқартуға және әлеуметтік қорғауды күшейтуге, еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық базаны жетілдіруге баса назар аударылғаны айтылды.
Шара барысында 2022 жылдың 10 мартында «Cotton Campaign» халықаралық коалициясы тарапынан 2009 жылы жарияланған өзбек мақтасына жаһандық бойкот жариялауға шақыру аяқталғаны, Өзбекстан базарына тоқымашылық өнеркәсібінің әлемдегі жетекші кәсіпорындары мен шетелдік инвестициялардың кіріп келуіне, миллиондаған адамдарға жаңа жұмыс орындарымен қатар жаңа мүмкіндіктер жасауға қызмет ететіні атап өтілді.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.