Оған Энергетика министрлігінің басшылығы, сала мамандары, министрлікке қарасты Қайта тіктелетін  энергия көздері ұлттық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада соңғы жылдары Өзбекстанда жасыл энергетиканы дамыту, атап айтқанда, күн және жел электр станцияларын салу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Осы бағытта өткен үш жыл ішінде  күн және жел электр станцияларын құру бойынша халықаралық компаниялармен ынтымақтастықта 10 келісімге қол қойылды. Айта кетерлік жайт, осы қысқа мерзімде күн және жел электр станцияларын салу бойынша Президент 9 қаулыға қол қойған.

Жүзеге асырылған  жүйелі істердің  нәтижесінде 2021 жылдың август  айында Науаи облысының Кармана ауданында өнеркәсіп көлемінде қуаттылығы 100 МВт болатын бірінші  ірі күн фотоэлектр станциясы іске қосылды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың апрель айына дейін Самарқант облысының Нұрабад ауданында екінші қуаттылығы 100 МВт болатын  ірі күн фотоэлектр станциясын іске қосу жоспарлануда.

Жорий 2022 йилда ҳам қайта тикланувчи энергия манбалари соҳасида йирик ишлар амалга оширилади.

2022 жылы қайта тіктелетін энергия көздері саласында үлкен жұмыстар атқарылады.

Атап айтқанда, Бұхара, Наманган, Хорезм, Қашқадария, Ферғана және басқа облыстарда жалпы қуаттылығы 1900 МВт болатын 8 күн фотоэлектр станциясының және  Қарақалпақстан Республикасында жалпы қуаты 1700 МВт болған жел электр станциясының құрылысы үшін  жобалық келісімдерге қол қою жоспарланған.

Сонымен қатар, 2023 жылы Самарқант, Жызақ, Науаи және Сұрхандария облыстарында жалпы қуаты 1097 МВт-ға  тең 4 күн фотоэлектр станциясы және Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара (Ғыждуван және Пешку) және Науаи облыстарында жалпы қуаты 1 600 МВт болған 4 жел электр станциясы  “жасыл” энергия өндіруді бастайды.

2026 жылға қарай Өзбекстандағы күн фотоэлектр станцияларының қуаты 4000 МВт-қа және Жел электр станцияларының қуаты 4000 МВт-қа жеткізіледі және өндірілетін электр энергиясының 25%  қайта тіктелетін энергия көздерінен алынады.

Мұның нәтижесінде жылына дерлік 3 миллиард текше метрге жуық табиғи газ үнемделеді. Осындай үнемделген газбен 1 миллион үйді 1 жыл ішінде көгілдір отынмен қамтуға болады.

Баспасөз клубында Өзбекстанда гидроэнергетика саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, 2017-2021 жылдары 11 жаңа гидроэлектр станциясы салынып, 8-і жаңғыртылды. Нәтижесінде 244 МВт қосымша қуат жаратылды.

Айта кету керек, 2022-2026 жылдары Самарқант, Сұрхандария, Ташкент, Қашқадария, Наманган және Әндіжан облыстарында 15 жаңа гидроэлектр станциясы (СЭС) салынады. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 5 ГЭС жаңғыртылады.

Нәтижесінде жылына қосымша 868 МВт электр энергиясын өндіру қуаты салынады. Осы жұмыстардың арқасында 2026 жылға қарай Өзбекстандағы су электр станцияларының жалпы қуаты 2920 МВт-қа жетеді.

Сондай-ақ шарада тұрғын үйлерге күн батареялары мен су жылытқыштарын орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды. Атап айтқанда, бұл құрылғыларды үйлерге орнату есебіне бірқатар мүмкіндіктерге ие болатыны айтылды.

Атап айтқанда, күн панельдері мен күн су жылытқыштарын орнатқанда азаматтар үшін  ешқандай қосымша салықтар яки төлемдер енгізілмейді. Бұл энергия үнемдейтін құрылғыларды орнатудың  арқасында пәтерді тегін және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Екіншіден, азаматтар өз үйлеріне орнатылған күн батареялары арқылы өндірілген электр қуатын пайдалана отырып, өз қажеттілігінен артығын аудандық электр тармақтары кәсіпорнына сата алады.

Министрлер Кабинетінің 2021 жылғы 14 апрельдегі  217-санды қаулысына сәйкес, бүгін Өзбекстанда жеке және заңды тұлғаларға күн фотоэлектр станцияларын, күн су жылытқыштарын сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындардың бір бөлігі Мемлекеттік бюджеттің есебінен өтеледі.

Сондай-ақ күн батареялары мен күн су жылытқыштарын орнатқан жеке тұлғалар 3 жылға, кәсіпкерлік субъектілері 10 жылға жер және мүлік салығынан босатылады, деп хабарлайды  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.