Науаи қаласында жаңа Мемлекеттік қызмет көрсету агеттігінің филиалы ашылды

    Ел назарында 22 Dekabr 2021 1687

    Науаи облысында Мемлекеттік қызмет көрсету агенттігінің оныншы филиалы жұмыс бастады.

    “Темирковуқ” махалласы. Нұрата өлкесі таулы шалғай аймақтардың бірі. Нұрата ауданының орталығынан 90 шақырым, облыс орталығынан 170 шақырым жерде орналасқан. Махалла азаматтары жиыны ғимаратында Мемлекеттік қызмет орталығы филиалының ашылғаны тұрғындардың мемлекеттік қызмет алу үшін ауданға барып әуре-сарсаңға түсуге қажеттілік туғызбайтын болды.

    — Орталық қызметкерлері біздің махаллада жиі жылжымалы мемлекеттік қызмет көрсетеді, — дейді таулы аймақтың тұрғындары. — Енді қызметтерді пайдалану жеңілдеді. Махалла жақын, бір қадам жер. Филиал ғимаратында ақсақалдармен жүрекжарды әңгіме барысында жүйе басшылары аудан тұрғындарының өтініштерін де үйренді.

    Аталмыш филиал “Темирковуқтан” тыс “Сентоб”, “Қызылча”, “Каттасой” және “Тинчлик” махаллаларында тұратын 11 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету агенттігі

    Науаи облыстық басқармасының баспасөз қызметі.