Бұл туралы Борно штатының полициясы хабарлады.

«Өкінішке орай, жалпы 23 адам қаза тапты, тағы 108 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды», — делінген полицияның X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде.

Жарылыстар штат орталығы Майдугурида болған. Тергеушілердің пікірінше, жанкештілер университет ауруханасы, базар және автокөлік эстакадасы маңында қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды іске қосқан.

Полиция қосымша жарылғыш құрылғыларды тексерді. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді, ал құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп, кінәлілерді іздестіруде.

Майдугури — Нигерия қауіпсіздік күштерінің негізгі дұшпаны болған “Боко Харам”  экстремистік тобы 2009 жылы құрылған қала. Бұл топ елде билікті басып алуды мақсат етіп, тұрақты түрде террористік шабуылдар жасап келеді.

2015 жылы Нигерия қарулы күштері «Боко Харамды» ірі жеңіліске ұшыратып, оның бақылауындағы аумақты айтарлықтай қысқартты. Бұған жауап ретінде содырлар көрші елдерде, негізінен Чад көлі аймағында базалар құра бастады.

2015 жылы «Боко Харам» бөлініп, кейіннен Батыс Африкада Исломий мемлекет деп аталатын жаңа қарулы топ пайда болды, деп хабарлады tass.ru.