Нөкіс және Панжоб Жоғары оқу орындары арасында академиялық байланыстар жолға қойылады

    Білім 21 Iyun 2021 2011

    Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты делегациясы Панжоб университетімен кезіссөздер өткізу үшін Лахор (Пәкістан) қаласына екі күндік іс-жүзіндік сапарға барды.

    Өзбекстан елшілігінің мәлімдеуінше, мемлекетіміз делегациясының мүшелері Панжоб университетінің вице-канцлері, профессор Нияз Ахмад Ахтармен келіссөз өткізді. Сұхбат кезінде академиялық саладағы түрлі біріккен жобалардың жүзеге асырылуымен байланысты мәселелер талқыланды. Мұнда студент және оқытушылар алмасуын және бағдарламаны өмірге ұсынуға ерекше назар аударылды.

    Келіссөздерде Панжоб университеті проректоры, профессор Мухаммад Салим Мазхар, университеттің Аймақтық интеграция орталығы директоры Фазия Ходи, университеттің аға оқытушылары, сондай-ақ Жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығы кеңесінің мүшесі Мансур Саид қатысты.

    Сонымен қатар Өзбекстан делегациясы Панжоб университетінің түрлі факультеттерінде, сондай-ақ Білім зерттеулері институты, Әкімшілік ғылымдары институты, Бизнес басқару институты, Ауыл шаруашылық ғылым кафедрасы және Қолданбалы молекулярлық биологиялық орталығының қызметімен де жақыннан танысты. Кездесулер кезінде өзара мүдделі болатын түрлі жобалар туралы жан-жақты пікір бөлісті.

    Өзбекстан делегациясының мүшелері Панжоб университетінің Өнер және дизайн колледжінің қызметімен танысты. Өткізілген келіссөздерде аталмыш колледж және Нөкіс Мемлекеттік педагогикалық институттың Өнер факультеті арасында өзара ынтымақтастықты жолға қою туралы қызығушылық білдірілді, деп хабарлады “Дуне” АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates