Нұрафшанда салынып жатқан мемориалдық кешен мен кітапхана қандай болмақ?

    Урбанизация 6 Noyabr 2021 2035

    Бүгінде Ташкент облысының әкімшілік орталығы Нұрафшан қаласының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

    «Нурафшан Бизнес Сити» аумағында Зеңгіата ауданында жасайтын, Екінші дүниежүзілік соғыста бес баласынан айырылған ана, адалдық пен батылдық рәмізі — Зульфия Зокирова ескерткіш кешенінің бағы құрылатын болды. Бұл туралы Ташкент облысы әкімінің бұйрығы қабылданды.

    Аталмыш құжатқа орай жарияланған тендерде жеңімпаз болған құрылыс кәсіпорны тарапынан қазіргі кезде жобалау істері жүргізілуде.

    Саябақ, көңілашар және пикник алаңдары, амфитеатр, терассалы және жабық түрдегі кафелер, субұрғақтар, келушілерге қолайлы орындықтар мен жасыл аймақтар, жаяу жүрушілер мен велосипедшілер үшін қолайлы жолақтар, балалар алаңдары бар үлкен кешен 2, 97 гектар жерге құрылады.

    Аталмыш жоба үшін облыстық жергілікті бюджеттен үстіміздегі жылдың ІІІ тоқсан соңында қалыптастырылған қаржы жоспарының артығымен орындалған бөлігі есебінен 28,4 миллиард сум бөлінді.

    Нурафшон бизнес ситиде Элбек атындағы Ташкент облысы кітапханасын құруға 6 миллиард сум бөлінген.

    Қаражатқа 1,1 га жерге заманалық 3 қабатты кітапхана салу жоспарланып, кешен фукционалды аймақтар мен компьютермен жиһаздалады. Интернетке, ақпараттық ресурстарға және ұлттық электронды кітапханаға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

    Сонымен қатар, жеке жұмыс пен демалыс үшін коворкинг аймақтары, іс-шараларға, шығармашылықпен айналысу мен қызықты интеллектуалдық ойындарға арналған арнайы бөлмелер болады, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates