Куәліктер тапсырылды

    Сайлау 19 Avgust 2021 895

    Бұрын хабарланғанындай, Мемлекеттік басқару академиясында Орталық сайлау комиссиясы бекіткен Сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру концепциясы негізінде Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауын өткізетін округтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін екі күндік оқу семинары өтті.

    266-ға жуық Округтік сайлау комиссиясының төрағасының, төрағасы орынбасары, хатшысы және мүшелері қатысқан тренингтерде Округ сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыру, Округтік және УСК ғимараттары мен дауыс беру бөлмелерін жиһаздау, Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауының конституциялық-құқықтық негіздері, сайлауды өткізетін сайлау комиссияларының өкілеті мен міндеттері, сайлаушылар тізімімен жұмыс істеу сынды тақырыптарда жаттығулар жүргізілді.

    19 августа Орталық сайлау комиссиясында өткен шарада Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауын өткізетін 14 округтік сайлау комиссияларының төрағаларына куәліктер, Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауын өткізетін комиссиялардың мөрі мен канцелярия өнімдері тапсырылды.

    ОСК басшылығы және мүшелері, БАҚ өкілдері қатысқан шарада сайлау заңдылығындағы өзгертулер мен жаңалықтар туралы жан-жақты әңгіме өрбіді. Сайлау кодексінің 21-бабына орай, Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауын өткізу бойынша округтік сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясының сайлауға кемінде жетпіс күн қалғанында комиссия төрағасы, төраға орынбасары хатшысынан және комиссияның сегіз — он сегізге жуық басқа мүшелерінен құралады.

    Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауы және Заң шығару палатасы депутаттары сайлауын өткізу бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелігіне үміткерлер Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңгесінің, халық депутаттарының облыстық және Ташкент қалалық Кеңестерінің мәжілістерінде талқыланады, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына бекіту үшін ұсынады, — деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    Округтік сайлау комиссиясының мүшелері қоғамда абырой-беделге ие өкілдер арасынан бекітіледі.

    Атап өтілгеніндей, сайлау үдерісін заңды, әділ, бейтарап және жоғары деңгейде ұйымдастыруда және өткізуде Округтік сайлау комиссиясының мүшелері орнының маңызы ерекше.